«Саусағын сындырып, тиын жұтқызған»: «Қазақмыс» қызметкері 8 жастағы балаға тиісті деп айыпталды
Фото: Мәдина Маратовнаның жеке парақшасы
Балқаш қаласында «Қазақмыс» кәсіпорнының қызметкеріне 8 жастағы баланы соққыға жықты және азаптады деген айып тағылды. Анасы істің жабылып қалатынынан қорқады, деп хабарлайды Orda.kz.
Stan.kz мәліметінше Мәдина Маратқызы атты келіншектің 8 жасар ұлын ер адам өз бетінше жазалаймын деп айуандықпен балаға физикалық әрі психикалық қастық қылған. Ол баланың денесін күйдіріп, саусағын сындырып, қатты заттармен ұрып, тиын жұтуға дейін мәжбүрлегенін айтты. Салдарынан бас ми жарақатын алған баланың қан қысымы 150/100-ге дейін көтерілген. Ал қастық жасаған адамның екі баласы бар әке екені анықталды. Ол «Қазақмыстың» Балқаштағы қызметкері Алмас Басымбеков, оның әйелі де сол жерде жұмыс істейді екен.
Анасының айтуынша, қазір күдіктілер полицияда, ауруханада және басқа да мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін туыстары мен достары арқылы істі жабуға тырысып жатыр екен. Зардап шеккен баланың анасы тергеу құпиялылығына байланысты толық ақпарат беруден бас тартты.
«Қазақмыс» компаниясының бас директоры Жәнібек Байғабылов Балқашта Алмас Басымбековтың жұмыс істейтінін растады. Алайда ол Kazakhmys Smelting компаниясының қызметкері емес екенін мәлімдеді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, тергеу шаралары мен бірқатар сараптамалар тағайындалатыны айтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық