Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
Фото: freepik.com
Петропавл қаласы маңындағы орманнан жоғалғанына 20 күн болған 18 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жас жігіт 14 қаңтар күні кафедегі жұмысы аяқталған соң таксимен туберкулез диспансеріне дейін барған. Кейін хабар-ошарсыз кеткен. Жігіт жоғалған кезде өңірде 30 градусқа дейін аяз болған.
18 жастағы жігіттің мәйіті емдеу мекемесінің артындағы орманнан табылды. Оның орманға не себеппен барғаны тергеу барысында анықталады.
Полицияға хабар-ошарсыз кеткен жігіт туралы туысы тек 1 ақпан күні арызданған. Іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдары, кинологтар, әскери қызметшілер, ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен еріктілер тартылды.
«18 жастағы қала тұрғынының мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде», — деді СҚО ПД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Еске салсақ, 14 қаңтар күні Солтүстік Қазақстанда жоғалған 75 жастағы әйел аязда қалып, үсікке ұрынып көз жұмған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Қарағанды әкімі cуықтан тоңғандарға жылы киінуге кеңес берді
- Семейде аяздан көпір жарылып қалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық