Қарағанды әкімі cуықтан тоңғандарға жылы киінуге кеңес берді
Фото: el.kz
Қарағандыда қала әкімі Мейрам Қожықов аяз кезінде желіге түсетін жүктеменің артуына байланысты бірнеше ықшам ауданда электр қуатының өшіп қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қожықов таяуда оңтүстік-шығыс тұрғындарының бір-екі сағат жарықсыз қалғанына қарамастан, жылу электр орталығы тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
«Неге бұлай болды? Барлық жылытқыштар қосылғандықтан электр желілерінде үлкен жүктеме болды. Достар, мен түсінемін, әркім үйде футболка мен шолақ шалбармен жүруге ыңғайлы, ол үшін және үй температурасы 28 градус жылы болуы керек. Бірақ мен тағы бір рет түсіндіргім келетіні - егер сіздің үйіңізде 21-22 градус болса, бұл норма жылытқышты қосудың қажеті жоқ, тек жылырақ киәнсеңіз болды», деді әкім.
Шенеунік электр энергиясы жаппай сөнген жағдайда сорғы станциялары да жарықсыз қалуы мүмкін екенін еске салды. Олай болған жағдайда тұрғындар бірден жарықсыз, жылусыз, сусыз қалады.
«Онда тон киюге тура келеді. Тағдырымызды да, желілеріміздіде сынамай-ақ қояйық! Сондықтан үлкен мәселелер туындамас үшін аздап шыдамдылық танытып, желіге салмақ түсірмеулеріңізді сұраймын», деп қосты ол.
Шенеунік мұндай мәлімдемелерден кейін туындауы мүмкін жек көрушіліктен қорықпайтынын айтты. Бірақ жылыту жағдайы жақын арада оңалады деп те уәде берді.
«Әрқашан үйіміз жылы болғанымен, біз өте төмен температурада жылу тапшылығын сезінеміз. Ал биыл үшінші жылу көзін енгізу арқылы бұл мәселені шешеміз», дейді әкім.
Әкім коммуналдық сала қызметкерлеріне де ризашылығын білдіріп, көктемнің жақындап келе жатқанын еске салды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда қатты аяз болды. Ауа температурасы күндіз минус 23 градусты көрсетсе, түнде минус 35 градустан төмен түседі. Таңертең облыста ауа температурасының төмендеуіне байланысты бес тас жолда дизельді көліктерге қозғалыс жабылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық