Перизат Қайратпен серіктес болған құрылыс компаниясынан ілік шықты
Фото: Инстаграм @01pk
Астанада 30-дан астам үлескер Перизат Қайраттың қайырымдылық ісінде аты аталған құрылыс компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Компанияға үлескерлер 50 млн-нан 80 млн теңгеге дейін қаражат құйған. Бұл компанияның аты белсенді Перизат Қайраттың қайырымдылық ісінде де аталған. Онда такси жүргізіп, танымал болған жалғызбасты ана Әсел Омарға пәтер берілуі керек болған. Бірақ компания Әсел Омарға үй алып берудің орнына, тек оның пәтерақысын төлеп келіпті. Одан бөлек, MM Group компаниясы басқа да қайырымдылық қорларынан 20 үйді таратып беретін болған.
«Біз мамыр айынан бастап оның пәтерақысын төлеп келдік. Квитанциялары бар. Желтоқсан айында «Мені алдап кетті» деп сұхбат бере бастаған соң төлемдерді тоқтаттық. Компания өз міндеттерінен бас тартпайды. Келісімге отырған қорларға уәде еткен пәтерлерді береміз. Біздің компания барлық келісімдерді алып, сараптамадан өткен еді. Бірақ әкімдік ол жер телімін қаланы абаттандыру мақсатында бізден алатынын хабарлады», - дейді MM Group компаниясының басшысы.
Бірақ сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы MM Group компаниясы аталған мекенжай бойынша құрылыс жүргізуге рұқсат алмағанын мәлімдеді.
«2023 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 510-1973 қаулысына сәйкес бұл жер телімі «Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратына» уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен тек абаттандыру және көлік тұрағын салу мақсатында берілген. Аталған пайдалану құқығы құрылыс жүргізу және қоршау орнату құқығын қарастырмайды. Пайдалану құқығының мерзімі 2026 жылдың 25 қыркүйегіне дейін. Сонымен қатар Астана қаласының Бас жоспарына және аталған ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес бұл учаскеде көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланбаған және жоспарланбайды да», – деді Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшылары.
Одан бөлек, компанияның өзге өңірлерде де аяқсыз қалған құрылыстары бар болып шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық