Перизат Қайрат сотқа аппеляциялық шағым түсірді
Коллаж: Orda.kz
10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Ол бұған дейін тағылған айыппен келіспейтінін айтқан еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Перизат Қайраттың ісі бойынша аппеляциялық сотқа шағым түскенін адвокат Асланбек Дәулетияров растады.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 7 жылға бас бостандығынан айырылған Ғайни Алашбаеваның шағым түсірері әлі белгісіз.
Айта кетейік, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп танылды:
- Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық;
- Қылмыстық жолмен алынған ақшаны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы заңдастыру;
- Аса ірі көлемдегі қаражатты заңдастыру.
Жалпы, айыптау нұсқасына сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, 3 млрд 545 млн 897 507 теңгені иемденген. Сот шешімі бойынша тәркіленген мүлік жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады.
Еске салайық, шілденің 25-і күні Перизат Қайрат және оның анасына үкім шықты. Қызы 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық