Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Коллаж: Orda.kz
Сот Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім шығарды. Қызы 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімді жария етті.
Бұған дейінгі сот отырыстарында жарыссөздер өткен. 12 жәбірленуші сөйлеп болған соң, Перизат Қайратқа, оның анасы мен қорғаушысына жабық түрде сөз берілген.
Еске сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен бұған дейін Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп танылды:
- Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық;
- Қылмыстық жолмен алынған ақшаны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы заңдастыру;
- Аса ірі көлемдегі қаражатты заңдастыру.
Жалпы, айыптау нұсқасына сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, 3 млрд 545 млн 897 507 теңгені иемденген. Сот шешімі бойынша тәркіленген мүлік жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Олардың қатарында Қазақстанның ірі банктері – «Форте», Alatau City Bank (бұрынғы Jusan) және финтех-компания Kaspi бар.
Сонымен қатар, сот Перизат Қайратты мемлекеттік марапат – «Шапағат» медалінен де айырды.
Тәркіленген мүлікке тоқтай кетейік;
- «Vela Village» коттедж қалашығындағы үй;
- «Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» ТК пәтерлері мен автотұрақтары;
- «Mercedes-Benz S450» (2024 ж.), «Lexus LX 600» (2024 ж.), «Mercedes-Benz EQE 500 4 matic» (2023 ж.),
- «Haval H6 GT» (2024 ж.) көліктері;
- «Rebel Flowers» ЖШС жарғылық капиталының 100% үлесі;
- 97 млн теңге және 22 мың АҚШ доллары.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде бұл істің көлемі 100 том болғанына қарамастан, сот процесі небәрі екі аптадан астам уақытта аяқталғаны және негізгі бөліктерінің жабық өткеніне қатысты сын пікірлер жазылды. Тіпті Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның жауаптары мен соңғы сөздері де жабық отырыста тыңдалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық