Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады
Фото: Instagram/ 01pk
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мемлекеттік айыптаушылар «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Айыптау ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тағылған:
• 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ — өте ірі мөлшердегі алаяқтық
• 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ — алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру
• 218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ — өте ірі мөлшерде заңсыз жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру.
Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушылар сотталушылардан қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеуді талап етті. Қаражат жәбірленушілерге қайта беріледі.
Прокурорлар істі жеңілдететін мән-жай жоқ екенін жеткізіп, ұрлық төтенше жағдай кезінде жасалғанын айтты. Сондай-ақ прокурор сотталушыларға 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды сұрады.
Айта кетейік, сот отырысы басталғанға дейін ҚМА Перизат Қайраттың уақытты созып жүргенін мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық