Павлодарда ломбард қызметкері 16 млн болатын жұрттың алтын бұйымдарын казиноға тігіп жіберген
Фото: Әлеуметтік желіден
Павлодардың 33 жастағы тұрғыны сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды. Ломбардта жұмыс істеген әйел онлайн-казино ойнау үшін сейфтен алтын бұйымдарды ұрлап алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот үкімінде әйелдің ломбардта аға тауар маманы, бағалаушы-кассир болып жұмыс істегені және осыған байланысты касса мен сейфке қол жеткізу мүмкіндігі болғаны көрсетілген.
Наурыз айында ол қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттер кепілге қойған алтын бұйымдарды аз-аздан ұрлап, оларды басқа ломбардтарға өткізе бастаған. Екі айдың ішінде ол жалпы құны шамамен 6 млн теңге болатын 26 алтын бұйымды алып кеткен. Оларды өткізуден түскен ақшаның барлығын онлайн-казиноға жұмсаған.
Сот үкімінде айтылғандай, әйел ұтқан жағдайда көбірек ақша тауып, алтын бұйымдарды қайта сатып алып, орнына қою мақсатында казино ойнаған. Алайда ойын жалғасқан сайын ол ұтыла беріп, ақшадан айырылған.
Ақшасы толық біткеннен кейін ол ломбард филиалының кассасынан қолма-қол ақша алуға шешім қабылдаған.
2026 жылғы 25 мамырда бір күннің ішінде ол филиал кассасынан бөліп-бөліп жалпы 10 839 124 теңге қолма-қол ақша алған. Сонымен қатар казино ойнауын жалғастырып, алған ақшасының бәрін ұтылып отырған.
«Осы қаражатқа ол көбірек ақша ұтып, ұтысқа қол жеткізген жағдайда бұйымдарды қайта сатып алып, орнына қою мақсатында онлайн-казино ойнай бастаған. Алайда ойыннан ойынға ұтыла беріп, ақшасынан айырылған. Қаражаты толық біткен соң филиал кассасынан қолма-қол ақша алуға кіріскен» деп жазылған Павлодар қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкімінде.
Ломбардтағы ақша мен алтын бұйымдардың жетіспеушілігі ұзақ уақыт бойы білінбей қалмаған. Ломбард басшылығы полицияға жүгініп, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сотта 33 жастағы павлодарлық әйел өз кінәсін толық мойындады.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қолданылғанын ескере отырып, сот оған 3 жыл 4 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар сотталушыға шамамен 15 млн теңге көлеміндегі келтірілген шығынды өтеу міндеті жүктелді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық