Павлодарда әйел құлаған ағаштың астында қалып қаза тапты
фото: envato
Павлодарда қатты жел салдарынан ағаш құлап, әйелді басып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
67 жастағы қала тұрғыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Денсаулықты сақтау басқармасының мәліметінше , зардап шеккен адам алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Атап айтсақ, екі жіліншігі, кеуде сүйегі, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның жабық сынуы, ішкі ағзалар жарақаты, 3-4 дәрежелі травматикалық шок.
7 қараша күні таңертең Павлодардың Естай көшесінде қайғылы оқиға орын алды. Қазір бұл істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел адам осы жағдайдан қатты жарақат алған.
«Өкінішке қарай, жәбірленуші ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. Қазір оқиғаның барлық себеп-салдарын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді дәрігерлер.
Төтенше қызмет шақырту алған соң алты минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, 67 жастағы кейуананы құтқару мүмкін болмады.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында мәдениет үйінің жеке тұрған қазандығында жарылыс болып, ғимарат опырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық