Павлодар облысында балаларды зорлаудың 11 фактісі анықталды
Фото: freepik.com
Павлодар облысында арнайы мекемелерде балаларды зорлаудың 11 жағдайы анықталды. Бұл туралы өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Балалар үйі мен балаларды қолдау орталықтарында жыныстық қол сұғушылықтар тіркелген.
«Павлодар облысының балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарының 105 тәрбиеленушісі толық медициналық тексеруден өтті. Тексеру кезінде 10 жастан 16 жасқа дейінгі балалар арасында жыныстық қол сұғушылықтың 11 фактісі анықталды. Қазіргі уақытта сегіз факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер анықталып, ұсталды», - деді Сәуле Шакенева.
Тағы үш факт қылмыстық құқық бұзушылық құрамында тексеріледі. Сондай-ақ, патронаттық тәрбиедегі балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың екі фактісі анықталды. Сонымен қатар барлық қылмыстар бірнеше жыл бұрын жасалғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық