Павлодар облысында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді, жедел штаб құрылды

cover Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым қашықтықта, Павлодар облысының Баянауыл ауданында жер сілкінісі  тіркелген, деп хабарлайды Orda.kz.       

«ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 26 мамырда Астана уақытымен сағат 11:28-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының маңында орналасқан» деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағының координаттары: солтүстік ендіктің 50.47° және шығыс бойлықтың 76.47°. Тереңдігі – 30 шақырым. Энергетикалық санаты – 10,7.

MSK-64 шкаласы бойынша есептік қарқындылығы – 2 балл (47 шақырым).

Павлодар облысы ТЖД жер сілкінісінен кейінгі жағдайды мониторингілеу және іс-қимылды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Павлодар облысы ТЖД базасында іс-қимылды үйлестіру және жағдайды мониторингілеу үшін жедел штаб құрылды» деп жазылғанхабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді.

«87182 20-11-12 телефондарының жедел желісі ашылды. Тұрғындардан өтініш түскен жоқ», деп қорытындылады ТЖМ.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар