Парижге жетті: Наполеонға қарсы соғысқан қазақтар жайлы деректер неге айтылмайды?
1812 жылғы соғыс орыс тарихының аясында қарастырылып келеді. Бұл оқиғаларға қазақтардың қатысқаны ұзақ уақыт бойы айтылмады. Мұрағаттағы деректер, фольклорлық айғақтар мен заманауи зерттеулер дала батырлары Наполеонға қарсы жүргізілген жорықтағы үлесін қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сheck-point мәліметінше 1812 жылғы соғыста шайқастарға қазақтардың қатысқаны ұзақ уақыт бойы тасада қалып келді. XIX ғасыр деректері Орал мен Орынбордағы 30 казак және тептяр полкінің құрамында Кіші жүз қазақтары көп болғанын көрсетеді. Әскери ведомство мәліметінше, бұл құрамаларда кемінде 3–5 мың қазақ қызмет еткен.
Марапаттар мен әскери рапорттарда аты аталған бірнеше қазақ жауынгері сол дәуірдің символына айналды:
- Яков (Жақып) Беляков — Кіші жүздің шоқынған қазағы, 3-ші Орынбор казак полкінің майоры. 1812 жылғы шайқастарда көзге түсіп, Кутузовтың өз қолынан марапат алған, шетел жорықтарына қатысып, Парижге дейін барған.
- Николай (Қазыбай) Черныш — казак ортасында өскен қазақ, төрт казак полкінің командирі. Париж түбінде қаза тапқан, Әулие Анна және Әулие Георгий ордендерімен марапатталған.
- Әкім Булатов — тегі қазақ, Бородино шайқасы мен Мәскеуді шабуылдауға қатысқан. Наполеонның Ескі гвардиясына шабуыл кезінде қаза тапқан.
- Майлыбайұлы — 1-ші тептяр полкінің жауынгері, Бородино түбіндегі ерлігі үшін күміс медаль алған.
- Қарынбай Зындағұлұлы — 1-ші тептяр полкінің жауынгері, батылдығы үшін көгілдір лентадағы медальмен марапатталған.
- Мұрат Құлшоранұлы — хорунжий, 1812 жылғы 27 шілдедегі атты қақтығыстарда көзге түскен.
- Еріс Азаматұлы — хорунжий, Платов кавалериясының рейдтеріне қатысып, жазғы шайқастарда ерлік танытқан.
- Боранбай Шашубайұлы — Рамоново түбіндегі шайқаста көзге түскен жігіт.
- Ықсан Аубакирұлы — есаул, Рамоново шайқасында батырлық көрсеткен.
- Сағит Хамитұлы — есаул, Вязьма түбіндегі ерлігі үшін Әулие Анна орденінің III дәрежесімен марапатталған.
- Нарынбай Жанжігітұлы — жауынгер әрі ақын-импровизатор, Әулие Георгий орденінің иегері, Парижге дейін барған.
- Әмен Байбатырұлы — батыр-жауынгер, күміс медальмен марапатталған, Парижге дейін жеткен.
Бұл тізім — мыңдаған қазақ жауынгерінің бір парасы ғана. Көбінің есімі ресми құжаттарда сақталмаған.
Қазіргі зерттеулер қазақтардың санын 5–7 мың адам деп бағалайды. Олардың басым бөлігі еріктілер мен жалдамалы салт аттылар еді. Қазақтар жеке батальон болып құрылмай, башқұрт, татар, тептярлармен бірге көпұлтты атты құрамаларға қосылған.
Этникалық есептің жүргізілмеуінің себебі — қазақтар казак немесе тептяр ретінде тіркелді. Орыстандырылған есімдер — Жақып Яковқа, Қазыбай Николайға айналды. Кеңестік тарихнама — 1812 жылғы соғыс «орыс жеңісі» ретінде көрсетілді, дала халықтарының үлесі шетте қалды.
Қазақтардың 1812 жылғы соғыстағы рөлі:
- Империялық интеграция — қазақ элитасы мен жігіттері өз жауынгерлік дәстүрін сақтай отырып Ресей империясының әскери жүйесіне кірді.
- Ортақ жеңістердің символы — Бородинодан Парижге дейінгі бірлескен жорық — Дала мен Ресей халықтарының ерте әскери бірлескенінің көрінісі.
- Әскери дәстүрдің жалғасуы — қазақ руларының ұрпақтары кейін де Ресей армиясында қызметін жалғастырды, (Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін).
1812 жылғы Отан соғысына қазақтардың қатысуы — ұмыт қалған, бірақ тарихтың маңызды бір парағы.
Еске сала кетсек, 9 мамыр күні Orda.kz редакциясы кеңестік идеология айтқызбай келген 106-шы дивизия жайлы бірер ауыз сөз қозғауды жөн көрген еді. Orda.kz тілшісі «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, тарихи деректерді зерттеуші, алғаш 106-қазақ ұлттық салт атты әскер дивизиясының толық құрамын түгендеп, алғаш дивизия туралы анықтама құжаттарын тапқан, телеграф бұйрықтары мен жауынгерлердің аты-жөндерін анықтап шыққан — Макка Қаражановаға хабарласып, мән-жайды сұрастырды. Ол бізге көп жерде айтылмай келген деректер мен көп жерде жарияланбаған фотоларды берді. 106-шы атты әскери дивизиясы жауынгерлерінің 90 пайызы қазақтардан тұрды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық