Парашюті ашылмаған курсант қорғаныс министрлігі полковнигінің ұлы болып шықты
Фото: Pexels
Ақтөбеде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан курсант Бақыт Асарбаевтың қорғаныс министрлігінде қызмет ететін полковниктің ұлы екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әуе қорғаныс күштерінің 924 әскери институтының баспасөз қызметінің мәліметіне қарасақ, жас сарбаздың оқу-жаттығу кезінде парашюті ашылмаған. Ол осы институтта білім алған. Қайғылы оқиға болған күні Асарбаев 800 метр биіктіктен секірген. Жерде жедел жәрдем кезекшілік еткен. Бірақ алған жарақаттары өте ауыр болғандықтан, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
«Бақыт Асарбаев — болашағынан зор үміт күттіретін курсант әрі белсенді болатын. Ол оқуда да, спорттық жарыстарда да өзін жақсы қырынан көрсетті. 2025 жылдың сәуір айында Мәскеуде өткен курсанттардың халықаралық олимпиадасында институт құрамында жүлдегер атанды», деп мәлімдеді институттың баспасөз қызметі.
Кейбір БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Бақыт үшінші болып секірген. Парашюттерді курсанттар алдыңғы күні өздері жинаған. Барлық жаттығу нұсқаушылар мен оқытушылардың бақылауында болып, дайындық штаттық режимде өткен.
Қаза тапқан курсанттың әкесі — қазіргі уақытта Астанадағы әскери бөлімде қызмет ететін полковник. Асарбаевтар әулетінде әскери қызметтегі басқа да туыстар бар. Бақыт бала кезінен офицер болуды армандаған.
Ол биыл тамыз айында небары 19 жасқа толар еді.
Еске сала кетсек, 15 шілде күні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңында Бақыт Асарбаевтың парашютпен секіріп қаза болғанын тілшіміз хабарлаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық