Ақтөбеде парашютпен секірген курсант мерт болды
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбеде Әуе қорғаныс күштері институтының 18 жастағы курсанты алған жарақатынан мерт болды. Әскери оқу-жаттығу кезінде парашют ашылмай қалған. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 15 шілде күні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңында болды. Курсант сол күні әскери институттың ұшу айлағында парашютпен секіру жаттығуын жасаған.
Марқұм Бақыт Асарбаев келесі айда 19 жасқа толар еді. Оның Астана қаласының тумасы екені айтылады. Достары желіге курсанттың фотосын жүктеді, қимай қоштасты.
Ақпаратты ҚР Әуе қорғанысы күштері әскери институты растады. Ресми дерек көзіне сүйенсек, қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секіргенде өміріне қауіпті жарақат алды. Бұл қайғылы жағдайға себепкер болды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу жүреді. Әскери институт пен Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы қаза тапқан курсанттың туыстарына қайғыра көңіл айтады» деп жазды ресми хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылдың қараша айында Мәртөк ауданындағы әскери полигонда тікұшақ құлады. Сол күні бір әскери қызметкер қаза болған еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық