Полиция журналист Лұқпан Ахмедьяровты босатты
Фото: Азаттық радиосы
Астанада полиция журналист Лұқпан Ахмедьяровтан жауап алғаннан кейін оны босатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше, 10 сәуір күні журналист Instagram желісінде тікелей эфирге кірген еді. Сол эфирде ол өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтып үлгерген.
Астана қалалық полиция департаменті журналистке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша тіркелген.
Ахмедьяровтың айтуынша, жауап алу аяқталған жоқ. Ол бүгін де полиция бөліміне барады.
Айта кетейік, Ахмедьяров өзін Батыс Қазақстаннан ер адамдарды Ресейге жұмыс істеуге апарып, кейін оларды Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауға мәжбүрлеп жатқаны туралы жазғаны үшін ұстады деп топшылайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық