Пәкістан Ауғанстандағы тәліптерге «ашық соғыс» ашты
Фото: freepik.com
Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Исламабад Ауғанстандағы тәліптер үкіметіне қарсы «ашық соғыс» жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Министр қанды соғыс болатынын ашық айтты.
«Пәкістан әскері теңіздің ар жағынан келген жоқ. Біз – көршілеріңбіз, сендердің қандай кезеңдерден өткендеріңді жақсы білеміз», – деді Хаваджа Асиф.
Министр тәліптерді «Ауғанстанды Үндістанның отарына айналдырды. Елге дүниежүзінен террористерді жинап, терроризмді экспорттай бастады және Үндістанның қуыршағына айналды» деп айыптады.
26 ақпанда ауған әскери күштері Пәкістанның шабуылдарына жауап ретінде Дюранд сызығы бойында – Хост, Пактия, Нуристан және өзге де аудандарда операциялар бастаған. Екі тараптан да қаза тапқандар бар.
27 ақпанға қараған түні Ауғанстан астанасы Кабул қаласында тұрғындар қаланың әр бөлігінде ұшақтардың дыбысы мен қатты жарылыстар естілгенін хабарлады. Аль-Джазира Пәкістанның ақпарат министріне сілтеме жасап, «Талибан» қозғалысының 27 позициясы жойылып, 9 позициясы басып алынғанын, сондай-ақ Ауғанстанның 133 әскери қызметкері қаза тауып, 200-ден астамы жараланғанын жазды.
Оқи отырыңыз:
- «Намаз оқымаса, сабайды»: Атажұрттан жырақтаған Ауғанстан қазақтары
- Шымкенттегі ауған соғысы ардагерлері наразылық білдірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық