Шымкенттегі ауған соғысы ардагерлері наразылық білдірді
КТК арнасынан скриншот
Ауған соғысы ардагерлері мемлекеттік қолдауды талап етті, олай болмаған жағдайда барлық медальдар мен ордендерді қайтарып бермекші.
Шымкентте тұратын Ауғанстан соғысының ардагерлері наразылық акциясын бастады. Олар биліктен өз мәселелеріне назар аударуды талап етеді, әйтпесе барлық мемлекеттік наградалар: ордендер мен медальдарды қайтаруға уәде беріп отыр, деп хабарлайды Orda.kz. тілшісі.
Ардагерлер мәселенің көп екенін шағымданды. Олардың соғыс қимылдарының басқа қатысушыларынан айырмашылығы - кейбіреулері майдан даласында жарақат алып, мүгедек болып қалса да, пәтер мен қомақты жеңілдіктерге құқығы жоқ.
«Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Оның ішінде 924 адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз жоғалған. 1995 жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарды қорғау шаралары туралы заң қабылданып, бізді Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірді. Бірақ 1999 жылы жәрдемақыны монетизациялау туралы заң қабылданып, қазір «коммуналдық төлемдер» үшін барлық жеңілдіктер алынып тасталды. Олар нақты ақшаға ауыстырылды, бірақ қажетті шығындардың төрттен бір бөлігін де өтемейді», – дейді қарулы күштер ардагері Шәріпбай Өтегенов.
Ол 2020 жылы ардагерлер туралы тағы бір заң қабылданғанын, содан кейін интернационалистер барлық жеңілдіктерден түгелдей дерлік айырылғанын түсіндірді.
«Ауғанстанда толыққанды соғыс болғандықтан, біз соғыс ардагері атануымызды талап еткенбіз, бірақ бізді «соғыс ардагерлері» деп атамай, соғыс ардагерлерімен теңестірді», - дейді Өтегенов.
Оның айтуынша, 2010 жылы тұрғын үй қатынастары туралы заң қабылданып, оған сәйкес «ауғандықтар» кедейлер санатына енгізілген. Сонымен қатар, оған кезекке тұру үшін ардагер жұмыссыз болуы керек дейді ол.
«Үй кезегіне тұру үшін Ауғанстанда жеңіске жетіп тірі оралғаның аздық етеді екен. Ол үшін елег тірі оралып қана қоймай, тақыр кедей болуың керек екен, сонда ғана үкімет пәтер береді. Біз кедей емеспіз, біз еңбек сіңірген адамдар санатында болуымыз керек. Бізді кедей, осал топ деп атау – қорлықпен тең. Біз өзімізді ғана емес, кез-келген адамды қорғай аламыз. Мұндай «мәртебелермен» бізді қорлаудың қажеті жоқ. Олар әлем чемпионатында жеңіске жеткендерге пәтер береді, ал қолына қару алып Отанын қорғаған адам пәтерге лайық емес екен», - деп налиды Өтегенов.
Ол Ауған соғысы ардагерлерінің іс-әрекетін үнемі қолдайтынын айтады.
«Қазір айына 20 000 теңгеге өмір сүріп жатырмыз. Бұл ақшаға қалай өмір сүруге болады? Оған бір дәрі де сатып ала алмайсыз. Әрине, олардың көпшілігінде жасына байланысты аурулары, соғыста алған жаралардың салдары бар. Ардагерлердің ең кішісінің жасы 50-ден асқан, ал үлкендері 70-ке толмаған. Бірақ олар ешқайда жұмысқа алмайды, зейнеткерлікке шыққанға дейін не істеу керек? Ардагер басын көтеріп жүру керек, ал біздің ауған ардагерлерінің жартысы таксист болып, базарда немесе құрылыста жұмыс істейді», – дейді ардагер.
Қазақстанда 15 мыңға жуық ауған ардагері аман-есен еліне оралды. Олардың 400-ге жуығы Шымкентте тұрады.
Жаңалықтар
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен