Пәкістандағы этникалық қазақтар: сыртқы істер министрлігі жауап берді
Карачидағы қазақ қауымы Пәкістандағы Қазақстан елшісі Ержан Қыстафинмен бірге
фото: Хамидолла Жорабай
Orda.kz редакциясы Пәкістанда өмір сүретін этникалық қазақтар Қазақстанға көшкісі келетіндерін айтып, шенеуніктерден көмек сұрағаны туралы мақала жариялады.
Олардың барлығы дерлік ата-бабасының қаны тамған Қазақстанға қайтуға ниет білдірген еді. Осы орайда, сыртқы істер министрлігі Пәкістандағы этникалық қазақтар бойынша ресми сауалға жауап берді.
«Кездесу барысында ҚР елшілігі азаматтардың ағымдағы жағдайы мен құқықтық мәртебесімен танысты. Олардың этникалық қатыстылығын анықтау мәселесі қарастырылып, бірқатар құқықтық бағалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындауда» делінген СІМ хабарламасында.
Ведомстваның айтуынша, Қазақстаннның Пәкістандағы елшілігінің делегациясы Карачи қаласында қоныстанған этникалық қазақтарға Ауғанстан азаматы деген құжат берілгенін анықтады.
«Құжаттарын тексеру барысында, олардың қазақ ұлтына қатыстығын анықтайтын қандай да бір құжаттары жоқ екені белгілі болды. Пәкістан билігі оларға сол елде тіркелген Ауғанстан азаматтары деген құжат берген. Өз кезегінде, азаматтарға Ауғанстанның құзырлы органдары тарапынан әзірленген жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болуына орай, Пәкістанның шекарасынан шығуына заңды мүмкіндік болмай тұр» делінген ведомства хабарламасында.
Министрлік этникалық қазақтарды Қазақстанға көшіру шаралары бойынша жұмыс істеліп жатқаны туралы мәлімдеді.
«ҚР Елшілігі бұл мәселелерді Пәкістанның құзыретті мекемелерімен пысықтау жұмыстарын жүргізуде. ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдердегі ниет білдірген қандастардың Атамекенге қоныс аударуына жәрдемдесу мәселесін ұдайы назарда ұстап, мекеме құзыреті шеңберінде тиісті іс-шараларды атқаруын жалғастыруда» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық