Бірде аш, бірде тоқ: Пәкістандағы этникалық қазақтар елге қайтқысы келеді

2021 жылы Талибан* қозғалысы Ауғанстанды басып алды. Елден кеткендердің саны күрт өсіп, шет елден пана сұрап көшіп кеткендер де жетерлік. Осы тұста Orda.kz редакциясына Пәкістанда өмір сүретін этникалық қазақтар Қазақстанға көшкісі келетіндерін айтып, шенеуніктерден көмек сұрады. Олардың барлығы дерлік ата-бабасының қаны тамған елге қайтуға ниет білдірді.
9 қыркүйек күні Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 этникалық қазақ жеткізілді. 15 қыркүйек күні Иранның Горган қаласынан 53 этникалық қазақ Маңғыстау жеріне табан тіреді.
Туған жеріне қайтқан 88 адам Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды. Оларға «қандас» мәртебесі беріліп, бағдарлама бойынша қамтамасыз етіледі.
Осы ақпараттарға құлағдар болған Пәкістандағы қазақ отбасылары елге келуге асығып отыр.

Пәкістанның оңтүстігінде орналасқан Карачи қаласында 280 қазақ бар. Олардың көбісі солтүстік Ауғанстаннан көшіп келгендер. 40 отбасы қайдан келгенін, ата-тегін, руын тізімге жазып қойған. Көбісі абақ, керей, сарбас руларынан. Ашамайлы, керей, балта, қаңлы, шаңышқылы балық, шаңышқылы құрбақа рулары да бар.

Тізім авторы – Хамидолла Жорабай есімді қазақ. Оның айтуынша, Пәкістандағы қазақтарда төлқұжат жоқ. Ауғанстаннан қашқан өзбек, хазар, пуштунға құжат беріліп, тек қазақтарға бермеген. Олар Біріккен ұлттар ұйымының төлқұжатымен өмір сүреді. Қазақ тіліне өзбек пен парсы тілдерінің ықпалы болғанымен Хамидолла Жорабаймен ортақ тілде тілдестік.
– Пәкістанда тұрып жатқанымызға 40 жыл болды. Балалар мектепте білім ала алмайды. Пәкістандық төлқұжат жоқ. Ол болмағасын мектепке алмайды. Қазақтарға «сендер мардуми қазақсыңдар, сендер мардуми хазар, пашто, бухари емессіңдер» деп, төлқұжат бермейді. Пәкістанда қазақтарды жат, екінші сортты адамдар деп санайды.
Жұмыс бір күн бар, бір күн жоқ. Біреуі асханада, біреуі базарда пияз сатады. Кейбіреулері фабрикада жұмыс істейді. Құжат жоқ болғандықтан бізді жақсы жұмыстарға алмайды.
Ауғанстанға қай жерден келгенін білмейміз. Ата-бабаларымыздың Қазақстаннан кеткеніне 200 жыл болды. Кашмир деген жерде өмір сүрді. Одан әрі Ауғанстанда қоныстанды. «Ресей Ауғанстанды қырғын қылды» деп, Пәкістанға жер аударды. Пәкістанға келген қазақтар көп. Олардың көбісі Түркияға, Иранға кетті. Өзіміз Карачиде тудық. Қара жұмыспен табылған ақшаға балаларға мұғалім жалдап үйде оқытамыз. Оның бәрі қалтаға салмақ түсіреді, – деді Жорабай.

Балалардың болашағын ойлаған жергілікті қазақтар Пәкістанда «сұлтан» болғанша, елге келіп «ұлтан» болуға дайын. Көшпесе - ұрпағы мәңгүрт боп кете ме деп қорқады.
Қазақстан көмек көрсете ме?
Қазан айында Карачиге Пәкістандағы Қазақстан елшісі Ержан Қыстафин бастаған делегация барған. Жергілікті қазақ қауымы елшіге дәстүр бойынша дастархан жайып, қонақ қылды. Елшімен тілдескен Хамидолла Жорабай қазақ қауымының қиыншылықтарымен бөлісіп, Қазақстанға көшу мәселесін талқылады.

– 2012 жылы Исламадқа елшілікке бардық. Бізге «жауап күтіңіз» деді. Жауап келмеді. Хабарласпады. Осы жылы жаңа елші келді. Бізге «15 қазанда келемін» деп уәде берген. Келді. Қонақ қылдық. Ол Исламадқа шақырды. Этникалық қазақ екенімізді дәлелдеу үшін ДНК тестілеуден өтуіміз керек, – деді Хамидолла Жорабай.
Елші Ержан Қыстафин өз кезегінде аты-жөні, суреті және толық ақпараты бар тізім беруді сұраған.
Orda.kz Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне Карачидағы қандастармызды елге қайтару жолы бойынша сұрақтар жіберді. Бірақ кері байланыс болмады.
Редакция: Редакция жіберген ресми сауалдың жауабы екі аптаға жуық уақыт бойы келмеді. Қазақстанда жүріп ресми сауалға жауапты біз алмасақ, шетелдегі этникалық қазақтар өтінішіне кім бас бұрады? Заң талабына сәйкес әрекет етіп, сотқа шағымдануға болады, десе де бізге бас араздығы емес, мәселенің шешілгені ұтымды. 6 желтоқсан, яғни бүгін тағы бір рет сыртқы істер министрлігіне ресми сұраныс жолдадық.
Талибан* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым
Жаңалықтар
- Ақтөбеде сүйіктісінің әке-шешесін пышақтаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Mudarabah қаржы пирамидасы: вайнер Шерниязов колониядан босап шықты
- Еститін үкіметке: Арал тұрғындарының тауқыметі және «Аралтұз» қараша халықты сорлатып отыр ма?
- Балаларының көзінше әйелін өлтіріп, терезеден секірген ер адам есін жиды
- Сотталушыларға адвокатпен және дәрігермен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілді
- Тоқаев пен Назарбаев Лукошенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Жаркент гарнизоны: Прокурорлар офицерді бұйрықпен өлтірген әскерилерге 16 жылға дейін жаза сұрады
- Бұрынғы вице-министрлер БНБ бас директорынан пара алып жатқанда ұсталды
- «СК-Фармация» ЖШС-де басшылық ауысты
- Касса қызметкерінен төрағалыққа жету: «ҚТЖ»-ның жаңа басшылығына кім тағайындалды?
- Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды
- «Ашық тергеу және өтемақы»: Әзірбайжан Ресейге ресми түрде талап қойды
- Бали жағалауында кеме суға кетіп, 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды
- «Белдікпен буындырды»: Маңғыстауда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасады
- Атышулы P. Diddy төрт бап бойынша ақталды
- ҰҚК Антикор бойынша түсініктеме берді
- «Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
- Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
- Өз-өзіне қол жұмсады: Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлады
- Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді