Өзін қылмыс әлемінің серкесі ретінде көрсеткен таксист тұтқындалды
Фото: Қырғызстан Республикасының ҰҚМК қызметі
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) өзін ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деп таныстырып, желіде бейнежазба жариялаған такси жүргізушісін ұстады. Енді оған расымен де іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Комитеттің ресми мәліметінше, ер адам әлеуметтік желіде «Қылмыстық топтың мүшесімін, әрі қатардағысы емес, оңтүстік өңірге жауапты, «үстінен қарайтын» адаммын» деп айтқан бейнежазбаны жариялағаннан кейін құқық қорғау органдарының назарына іліккен.
Бар болғаны бір күннен кейін-ақ өзін «қылмыс әлемінде беделдімін» деп жариялаған азамат Жалал-Абад облысында ұсталды. Ол — Сафаровка ауылының 34 жастағы тұрғыны, бұған дейін ешқандай қылмыстық есепте тұрмаған, сотталмаған және ҰҚТ мүшесі ретінде ІІМ-де тіркелмеген.
«Оның жолаушы тасымалымен айналысатыны, бұрын сотталмағаны және қылмыстық топ мүшесі ретінде еш жерде тіркелмегені анықталды», деп хабарлады ҰҚМК.
Қазір өзін өзі өңірдің «үстінен қарайтын қылмыс әлемінің серкесі» деп жариялаған ер адам тергеу изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары оның қандай да бір заңбұзушылықтарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық