Отбасы банк тұрғын үй кезегіндегілерге арналған ережелерді күшейтті
Фото: Отбасы банк
Енді 2026 жылғы 2 наурыздан бастап баспана тек инвентаризациядан өткен азаматтарға ғана бөлінеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Инвентаризация – кезекте тұрған азаматтардың деректерін тексеру және нақтылау процесі. Атап айтқанда, отбасы құрамы, санаты, тұрғын үйінің бар-жоғы анықталады. Тексеру orken.otbasybank.kz порталында жүргізіледі. Ол үшін кезекте тұрған адам порталға кіріп, жеке деректерін өңдеуге келісім беріп, тексеру рәсімін бастауы тиіс.
Егер азамат инвентаризациядан өтпесе, ол кезектен шығарылмайды. Алайда тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды және тексеру аяқталғанға дейін жалдамалы пәтер де, 2% немесе 5% мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген несие де ала алмайды.
Бұған дейін банк пәтерлерді тексеріссіз үлестіріп, процесті жеделдетуге тырысқан. Алайда кейін кейбір кезекте тұрған адамдардың баспана сатып алғаны және отбасы құрамының өзгергені анықталып, рәсімді қайта бастауға тура келген.
Қазіргі таңда 257 мың адам инвентаризациядан өткен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық