Кәсіпкерден ақша бопсалаған: Маңғыстауда ҰҚК полковнигі 11 жылға сотталды
Фото: freepik.com
ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының бұрынғы орынбасары Денис Анкудинов пен «Ақтау халықаралық әуежайы» авиациялық қауіпсіздік бақылау және сапа аудиторы Константин Алферовке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz Hronika.kz сайтына сілтеме жасап.
Істі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Сот материалдарына сәйкес, 2023 жылдың тамыз айында Анкудинов өңірлік ҰҚК департаменті басшысының орынбасары қызметін атқара жүріп, Маңғыстау облысындағы белгілі кәсіпкерден 500 мың доллар бопсалаған.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол бұл іске Алферовті тартқан. Анкудинов қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, кәсіпкер мен оның туыстарының жеке өмірі туралы мәліметтер жинаған. 2023 жылдың күзінде күдікті кәсіпкердің өміріне қатысты фотосуреттер салынған конверт жіберіп, артынша 500 мың доллар талап еткен.
Кәсіпкер кездесуге келісіп, бопсалаушыларға 500 мың теңге ғана берген. Ақша берілгеннен кейін күдіктілер ұсталды.
Сот шешімімен Анкудинов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Алферов 8 жылға сотталды.
Оқи отырыңыз:
- Яна Легкодимованы өлтіргендерге аппелияциялық сот шешімі шықты
- Үндістанда медициналық ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық