Отарда сарбазды ұрып, жансақтау бөліміне түсірген сержант 3 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Алматы гарнизонындағы әскери сотта Отарда сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаны ұрып, жансақтау бөліміне түсірген кіші сержант Дастан Тұрланға қатысты сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокурор Дінмұхамед Спатай соттан Дастан Тұрланды бес жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алматы гарнизонының әскери соты шешімімен Дастан Тұрлан үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Әскери сот Дастан Тұрланды кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот жәбірленуші тараптың моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Тұрлан бір ай ішінде жәбірленушінің отбасына 2 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі тиіс. Бірақ, "кіші сержант" әскери шенінен айырылмады.
Сот үкімімен Дастан Тұрлан сарбазды ұрып, жансақтау бөліміне түсіргені үшін айыпты деп танылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы (Билікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды. Бұған дейін, жәбірленуші тарап бапты 451-баптың 2-бөлігіне (Ауыр зардаптарға әкелген билікті асыра пайдалану) ауыстыруды талап етті.
Еске сала кетейік, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 17 мамырда Отан алдындағы борышын өтеу үшін Отардағы 30/212 әскери бөлімге шақырылған еді. Әскерге келгеніне бір ай толмай жатып, жансақтау бөліміне түскен. Ол 29 маусымда ант беруі керек еді. Алайда 9 маусымда жансақтау бөліміне түскені туралы хабар жетті.
Нұржігіттің айтуынша, тамағы құрғап, қалтасынан дәрі алып шығып жатқан кезде оны кіші сержант Дастан Тұрлан көріп, ішінен және оң жақ көкірек тұсынан соққы жасаған. Осы соққыдан кейін сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жеткізілген.
Сот отырысы бір жылға созылып, кейін судьяның отставкасына байланысты үзіліс жарияланған. Істі жаңадан келген судья мен прокурор қайта қарап, үш аптада аяқтады.
Сот барысында жансақтау бөліміне түскен сарбазды алғаш қабылдаған дәрігерлерден де жауап алынған. Алайда олар қойған диагноздар бірдей, тіпті көшірме іспетті болғаны анықталды.


Дастан Тұрлан тергеу және сот барысында өз кінәсін мойындамаған. Оның адвокаттары Нұржігітті сержант ұрмағанын, сол кезде қару қабылдап жатқанын айтты. Сонымен қатар, олар әскери комиссариаттың денсаулығында кінәрат бар сарбазды әскерге алғанын, бұл бастапқыда кеткен қате екенін мәлімдеді. Тергеу де сапасыз жүргізілген деп есептейді.
Адвокаттардың айтуынша, сарбаздың жағдайының нашарлауына соққы емес, ұзақ жол жүргені себеп болған. Себебі Әбділпатта әскери борышын өтеуге аттанғанға дейін өкпе ауруымен ауырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық