Өскеменде миллиондарды жымқырған қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталды
Фото: Нейрожелі жасады
Өскемен қаласында №17 мекеменің бұрынғы бастығының орынбасары мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторына үкім шықты. Олар тұрғын үй комиссиясына өздерінің мүлкі туралы жалған мәлімет беру арқылы 5,8 миллион теңге жымқырды деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот бұрынғы қызметкерлерді 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырды. Олар бұрынғы әділет майоры мен лейтенанты шендерінен де айырылды.
«Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар әділет майоры және лейтенант арнайы атақтарынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.
Еске сала кетсек, Orda.kz Өскемендегі №72 мекемеде отырған сотталушы Мерген Иманқұлов өз-өзіне қол салғаны туралы жазған болатын. Марқұмның әйелі Эльвира Иманқұлова мен адвокат Айман Омарова оны Виталий Мирошниковқа (Алтынбек Сәрсенбаевты ұрлады деп айыпталған адамға) қарсы куәлік ет деп қинап, қысым көрсетті деп отыр. Марқұмның жұбайы қылмыстық атқару қызметкерлерімен, басшыларына арыз жазатынын мәлімдеген болатын. Ол жайлы толығырақ мына материалдан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық