Өскеменде 600 млн теңгеге жөнделген көпір опырылып түсті
Фото: Orda.kz
Өскеменде екі жыл бұрын 600 миллион теңгеге жөнделген Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер көпірі ортасынан опырылып түсті, деп хабарлайды Orda.kz
Оқиға 1 қыркүйекте шамамен сағат 11:50-де болды. Көпірдің ұзындығы 16,2 метр болатын бөлігі суға түскен, абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Салдарынан су құбыры зақымданды. Бірақ екі сағат ішінде микроаудан резервтік желіге қосылды. Қазіргі уақытта көпірге әкелетін жолдар жабылып, төтенше жағдай жарияланды.
Қазір өзеннің тасып, ағаш қалдықтарының тірелуі және көпірдің тозуы апатқа себеп болғаны анықталды. Су деңгейі 6 метрге дейін көтерілген екен.
Қала әкімі Алмат Ақышев бұл жағдай барлық көпірлерді тексеруге себеп болғанын айтты. Ол көпірге соңғы екі жылда 600 миллион теңге бөлініп, жөндеу жүргізілгенін, мердігер кепілдік бойынша қалпына келтіру жұмыстарын бастайтынын мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары 2-3 ай ішінде аяқталуы мүмкін.
«Кінәлілер анықталса, заң аясында қатаң жауапқа тартылады. Қазір мердігер компания оқиға орнында, кепілдік бойынша көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл көпір қаладағы көлік жүктемесін азайтатын маңызды нысан болғандықтан, оны 2-3 ай ішінде қайта іске қосуға тырысамыз. Қазір комиссия құрылды, енді нақты себептерін солар анықтайды», – деді Ақышев.
Айта кетейік, бұл көпір бұған дейін де — 2023 жылдың қарашасында — зақымданып, 2024 жылдың наурызында қайта пайдалануға берілген болатын. Жөндеуді «LLC ASIA» ЖШС жүргізген. Қазір осы көпірдің тағы бір бөлігі құлау қаупінде тұр.
Шнайдер көпірі 1978 жылы салынған, соңғы екі жылда осы мен екінші мәрте апат болып тұр. Қалада Үлбі арқылы бар болғаны үш көпір бар, сондықтан жағдай көлік қозғалысына айтарлықтай әсер етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық