Орыс тілін Конституциядан алып тастау керек — Жалғас Ертай
Фото: facebook / Жалғас Ертай
Белгілі қоғам белсендісі әрі журналист Жалғас Ертай әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тіліне қарсы сөйлейтіндерге толлерантты болудан шаршағанын ашық айтты. Әрі мемлекеттің тіл саясаты туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол өз жазбасында мемлекеттік тіл саясатына байланысты ойын ашық айтты:
«Қазақ тіліне қарсы орысша бірдеңе айтатындарға толерантты болудан шаршадым.
Енді мен де белінен басып айта беремін:
– Орыс тілін Конституциядан алып тастау керек;
– Мемлекеттік тілді білмейтіндерді мемлекеттік қызметке алмау керек;
– Мемлекеттік бюрократиялық аппарат толық мемлекеттік тілге көшуі керек;
– Мемлекеттік мектептің бәрі мемлекеттік тілде болуы керек.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақтылаудан басқа шешілмейтін проблемасы жоқ» деп жазды Жалғас Ертай.
Жалғас Ертай — тіл мәселесін көтеріп жүрген журналист, QazaqMedia платформасының авторларының бірі. 2015 жылдан бері Azattyq агенттігінің әлеуметтік желілер менеджері болып жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық