«Орыс тілі — қоғам өмірінің ажырамас бөлігі» — Тоқаев
Фото: Aqorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Российская газета» басылымына сұхбат беріп, тіл саясатына тоқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев сұхбатында, екі елдің ынтымақтастығы мен гуманитарлық байланыстарын сөз етті. Сондай-ақ, орыс тілінің ерекше орнын атап өтті.
«Мен әрдайым тілдік әралуандылықты біздің бірегей артықшылығымыз деп есептеймін. Елде орыс тілі ерекше мойындалған және кең қолдауға ие. Ол қоғамның әлеуметтік-саяси, ғылыми-білім беру және рухани өмірінің ажырамас бөлігі», — деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда орыс тіліне көрсетілетін қолдау – бұл елдің гуманитарлық саясатындағы маңызды бағыттардың бірі.
«Орыс тіліне қолдау көрсету – халықтар арасындағы диалог пен сенімді нығайтатын кең ауқымды гуманитарлық ынтымақтастықтың бір бөлігі. Сондықтан мен орыс тілін қолдауға арналған Халықаралық ұйым құру бастамасын көтердім», — деді ол.
Сонымен қатар президент жастардың көптілді болғанының маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан жастары бірнеше тілді – қазақ, орыс, сондай-ақ ағылшын, қытай және басқа тілдерді меңгеруі керек. Бұл – жаһандану дәуірінде табысқа жетудің маңызды шарты», — деді мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, 31 қазан күні Алматы қаласы әкімдігінде үшінші рет ондаған ата-ана мен белсенді жиналды. Олар Бостандық ауданындағы жаңа №224 мектеп тек қазақ тілінде білім беретін оқу орны болуы керек деген талап қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық