«Орталық стадионда болдым»: Рахат Әлиевтің ұлы әкесінің қазақ футболына қосқан үлесін еске алды
Фото: Ttc.kz / instagram / Нұрәли Әлиев
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» ойынын көргенін айтты. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол әкесі Рахат Әлиевтің отандық футболдың дамуына қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрәли Әлиев әкесі футбол федерациясын басқарғанда Қазақстанның Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде UEFA-ға енгенін айтты.

«Соңғы күндері әкем — Рахат Әлиевке қатысты жылы сөздерді көп естіп жүрмін, жатқан жері жарық болсын. Бұл кездейсоқ емес. Қазақстанның Футбол федерациясын басқарған кезеңінде — 2002 жылдың 25 сәуірінде ел Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде UEFA-ға енді» деп жазды Әлиев.
Ол Стокгольмде Мишель Платинимен болған келіссөздерді және 2005 жылы Платинидің Алматыға алғаш келгенін еске алды.
Әлиев сонымен бірге алдыңғы күні Орталық стадионда өткен Чемпиондар лигасының матчынан алған әсерімен бөлісті:
«Ал кеше мен Орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын тамашаладым. Біздің алматылық «Қайрат» UEFA-ның ең беделді клубтарының бірі — мадридтік «Реалмен» ойнады. Барлығы — Алматыда болды! Сол сәтте әкемнің сол шешімінің қаншалықты стратегиялық болғанын шын мәнінде сезіндім. Жылдар өткен сайын ол шешім өз жемісін беріп келеді», — деді Әлиев.

Вип орындардан Назарбаевтың жиен немересін байқамадық. Соған қарағанда ол қарапайым орындардың бірін алған болса керек.
Айта кетейік, Орталық стадионда 23 804 адам отыратын орын бар.
Еске сала кетсек, Алматыда өткен тарихи матчта «Қайрат» алғашқы минуттарда жанкүйерлерін жігерлендіргенімен, екінші таймда «Реалдың» қарқынына төтеп бере алмады. Чемпиондар лигасының екінші турында алматылықтар 0:5 есебімен есе жіберді. Мбаппенің хет-тригі мен Шерхан Қалмырза сейвтері — тарихи түннің басты эпизодына айналды. Толығырақ тілшіміздің материалынан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық