«Қайрат» — «Реал Мадрид» айқасы жеңіліспен аяқталды: Мбаппенің хет-тригі мен Қалмырзаның қарымды сейвтері
Фото: Orda.kz
Алматыда өткен тарихи матчта «Қайрат» алғашқы минуттарда жанкүйерлерін жігерлендіргенімен, екінші таймда «Реалдың» қарқынына төтеп бере алмады. Чемпиондар лигасының екінші турында алматылықтар 0:5 есебімен есе жіберді. Мбаппенің хет-тригі мен Шерхан Қалмырза сейвтері — тарихи түннің басты эпизодына айналды.
«Қайрат» бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалдың» құрамы 400 млрд, ал «Қайраттікі» 12 млн екенін айтып, тек осындай ойындар арқылы ғана қазақстандық футбол өсетінін жеткізді.
Orda.kz тілшісі орталық стадионға барып, тікелей ақпарат таратты.
Жалпы тарихи ойын күтпеген жерден «Қайраттың» шабуылдарымен басталды. 10-шы секундта-ақ Куртуаның қақпасына соққы жасады. Жоржиньо да алыстан қарсыластың қақпасына қауіпті допты тепті. «Қайрат» тіпті жоғары прессингке де барды. Бірақ 13-минутта Винисиус қақпашымен бетпе-бет шығып, сәтті пайдалана алмады. Кейіннен Мбаппе белсенділік танытып, қақпаға бірнеше рет қауіп төндірді. Дегенмен де, Мбаппе алған бетінен қайтпай есеп ашты. Бірінші тайм, 0:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда Куртуа қарапайым допты алға тебумен-ақ Мбаппеге голға пас шығарды. Француз біздің қорғаушыларды қапы қалдырып, есепті 0:2 қылды. Ал 74-минутта Родриго бірнеше қарсыласын алдап, Мбаппеге тамаша пас берді. Француз хет-трик жасады.
80-минутта Мбаппе алаңнан кетсе де, «Реалдың» қарқыны тоқтамады. Родригоның пасынан Камавинга төртінші гол соқты. Қосымша уақытта Браим Диас бесінші голды енгізіп, есепті тіпті еселеп жіберді.
«Қайраттың» екінші таймдағы ойында күшінің бәсеңдеуі «Спортингпен» болған ойынды еске салды.
Алайда, тарихи ойында 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза жайлы айтпай кетуге болмайды. Ол ойын бастала сала бірінші таймның басты қаһарманына айналды. Жас голкипер жұлдызды қарсыластардың соққыларын қайтарып, суыққанды ойынымен жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Оның әрбір сейфі трибунада отырған жұртшылықты дүр сілкіндірді. Екінші таймда да Қалмұрза барынша қарқынды түсірмеуге тырысқанымен қарсыластың қарымды шабулдарына төтеп бере алмады.
«Реалдың» құрамы — 400 жүз млрд тұрады, ал біздікі — 12 миллион – Уразбахтин
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Лига чемпиондарындағы «Реалға» қарсы ойынның қиын болғанын ашық айтты.
«Жігіттер белсенді бастау керек деп тұрды. Біз тіпті бірінші минутта гол соға алатын едік. Мұндай қарқында, мұндай қарсыласқа қарсы ойнау өте ауыр. Біздің чемпионатта ондай жылдамдық жоқ. Қолдан келгенше тырыстық. Белсенді түрде қысым жасадық. Шаршаған сәтте екінші аймаққа шегіну керек болды. Біз «Реалдың» алғашқы шабуылдарымызға төтеп беретініне алдын ала ойлағанбыз. Сосын олар допты өз қолына алатынын да білдік. Стандарттардан мүмкіндігімізді барынша пайдалағымыз келді, бірақ болмады», — деді Уразбахтин.
Сонымен қатар, Orda.kz тілшісі «Қайраттың» бас бапкеріне: «Лига чемпиондағы екі ірі жеңілістен кейін жігіттердің, жалпы команданың рухы түсіп, сағы сынып қалмай ма?» деген сұрақ қойды.
«Жігіттер де, біз де бәрін жақсы түсініп отырмыз. Білесіздер ғой, «Қайрат» пен «Реалды» салыстыруға келмейді. Шындықтың көзіне тіке қарайық, «Реалдың» құрамы — 400 жүз млрд тұрады, ал біздікі — 12 миллион. Қазақстандағы кез келген клубтың мақсаты — осындай турнирлерге мүмкіндігінше жиі қатысып, осындай командаларды елге әкелу. Өткен маусымда «Астана» «Челсиді» алып келген. Сонда ғана назар болады. Стадиондар салынады, бізге қарсылас әкелгенде ұялмайтындай боламыз. Тек осындай ойындар, осындай бәсекелестік арқылы дамимыз. Иә, жеңілістер болады, бірақ солардың арқасында біз күшейеміз. Бір сәттерде біз де қарсыластарымызды ұта бастаймыз», — деді Уразбахтин.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңнің 1-турында қазақстандық команда сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңілген еді.
Ал «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо «Қайрат» командасының бірінші таймдағы қарқынына таң қалғанын айтты.
«Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық. Бұл ойынның мұндағы адамдар үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. Атмосфера керемет болды. Бар жақсылықты тілеймін. «Қайратқа» сәттілік! Әлбетте, матч басында бізге жайсыздау болды. «Қайраттың» бір-екі рет қақпашымен бетпе-бет шығу сәттері болды. Ондай мүмкіндіктер жүйені бұзады. Басында біз «Қайраттың» қарқынына таңғалдық», — деді Алонсо.
Осылайша, ел болып күткен тарихи матч көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Чемпиондар лигасындағы екінші жеңіліске қарамастан жанкүйерлердің «Қайратқа» айтар алғысы шексіз екені ойыннан соң да байқалды. Не дегенмен алматылық клуб қалаға «Реал Мадридті» әкелді. Енді алда алматылықтарды тағы бір қызу матч күтіп тұр. «Қайрат» — «Пафос» матчы 21 қазан күні Алматының Орталық стадионында өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық