Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару операциясы басталды
Фото: Ашық дереккөзден
Дональд Трамп Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару операциясының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Әлемнің көптеген елдері, олардың басым бөлігі Таяу Шығыстағы айқын әрі қатыгез қақтығысқа қатысы жоқ, АҚШ-тан Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерін босатуға көмек сұрады. Бұл жағдайға олардың мүлде қатысы жоқ. Олар тек бейтарап әрі кінәсіз бақылаушылар! Иранның, Таяу Шығыстың және Америка Құрама Штаттарының игілігі үшін біз бұл елдерге олардың кемелерін осы жабық су жолдарынан қауіпсіз шығарып, еркін әрі тиімді қызметін жалғастыруына мүмкіндік беретінімізге кепілдік бердік» деп жазды АҚШ президенті Truth Social желісіндегі парақшасында.
Кемелерді шығару операциясы «Бостандық жобасы» деп аталды. Трамптың айтуынша, бұл операция — АҚШ пен Таяу Шығыс елдерінің, соның ішінде Иранның гуманитарлық қадамы.
«Бұл кемелердің көпшілігінде азық-түлік пен экипаж мүшелерінің денсаулығы мен санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге қажетті заттар таусылып барады. Менің ойымша, бұл соңғы айларда қатаң қақтығысқан тараптардың барлығының ізгі ниетін көрсететін маңызды қадам болады» деп қосты АҚШ президенті.
Сонымен қатар процеске кедергі келтірілген жағдайда күш қолданылатынын ескертті. Трамп сондай-ақ оның өкілдері Тегеранмен «өте позитивті» келіссөздер жүргізіп жатқанын, бұл «барлығы үшін өте оң нәтижелерге» әкелуі мүмкін екенін жазды. Алайда бұған дейін ол Иранның жаңа бейбітшілік жоспарын қабылдауға болмайды деп бағалаған болатын.
АҚШ Орталық әскери қолбасшылығының мәліметінше, «Бостандық жобасына» 15 мың әскери қызметкер мен 100-ден астам ұшақ қатысады.
Оқи отырыңыз:
- Иран АҚШ-қа 14 тармақтан тұратын бейбіт жоспар жолдады
- Шымкентте «экономикалық тергеп-тексеру қызметкері» болып, қомақты қаржы алған адам ұсталды
- Қазақстанда балалар лагерьлері лицензияланады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық