Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
Фото: Ашық дереккөзден
Талай мемлекет басышысының ұйқысын қашырған мәселені толқылауға жалпы саны 30 ел бірікті. Олардың басым бөлігі НАТО мүшелері. Барлығының басты тақырыбы — Ормуз бұғазындағы теңіз жолдарын ашу бойынша шешім қарастыру, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте брифинг барысында мәлімдеді.
«Ормуз бұғазындағы теңіз жолдарының ашықтығын қамтамасыз ету мәселесіне келсек, қазіргі уақытта 30 ел, олардың көпшілігі НАТО мүшелері, сондай-ақ Жапония мен Корея, Австралия мен Жаңа Зеландия, Бахрейн мен БАӘ… теңіз жолдарының қай жерде және қалай ашық болуын қамтамасыз ету қажеттігін талқылау және кейін шешім қабылдау үшін бірікті», — деді Рютте.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғаннан кейін Тегеран Ормуз бұғазында сауданы тоқтататынын жариялады. Бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнайдың 20%-ға жуығы және сұйытылған табиғи газдың 30%-дан астамы өтеді. Кейбір кемелер бұғаздан өтуге әрекет жасағанда ирандық әскерилер тарапынан шабуылға ұшыраған.
Бұған дейін Рютте еуропалық одақтастар ақыр соңында Ормуз бұғазындағы АҚШ бастаған әскери-теңіз коалициясына қосылатынын айтқан. The Financial Times басылымының жазуынша, бұл мәлімдеме НАТО ішіндегі шиеленісті күшейтіп, еуропалықтарды «ыңғайсыз жағдайға» қалдырды.
The Times және The Telegraph мәліметінше, Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы қозғалысты қайта жандандыру және осы дәліз арқылы өтетін кемелерді алып жүру үшін халықаралық коалицияны басқаруға дайындалып жатыр.
Өткен аптада Ұлыбритания, БАӘ, Франция, Германия, Италия және Нидерланды осы сауда бағытын қорғау үшін «тиісті шаралар қабылдауға» келіскен бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Politico басылымы да қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға дайын екенін білдірген 30 ел туралы жазды.
Оқи отырыңыз:
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- Жеті ел Ормуз бұғазын ашуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді
- Ормуз бұғазын жапқан ирандық қолбасшы Әлиреза Тангсири қаза тапты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық