Оралдағы жатақханада 9 адам көмірқышқыл газымен уланды

cover

27 желтоқсанда жатақханада бесінші қабаттағы пәтер өртенді. Бір сағаттың ішінде өрт сөндірушілер үш адамды құтқарып үлгерді, олардың екеуі құтқару арқанымен, ал біреуі баспалдақ арқылы түсірілді.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар 45 адамды эвакуациялаған, оның 18-і балалар.

«Көміртегінен уланған деген күдікпен ауруханаға 9 адам жеткізілді, оның ішінде 4 бала», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кезінде 9 адам көміртегі тотығынан уланып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, қалғандары оқиға орнында барлық қажетті көмекті алды.

«Өрт болған жерде 28 жастағы ер адам мен әйелге, сондай-ақ екі және алты жастағы екі қызға көмек көрсетілді. Олардың барлығы жеңіл дәрежеде уланған. Қалалық жалпы ауруханаға 26 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел түсті. Оларға орташа дәрежедегі улану диагнозы қойылды. Сонымен қатар, 27 жастағы екі балалы әйел, 5 жасар ер бала мен 3 жасар қыз бала Облыстық жалпы балалар ауруханасына жеткізілді, оларға да орташа дәрежедегі улану диагнозы қойылды»- , деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар