Оралдағы үйлердің бірінде «Трамадол» мен «Тропикамид» сатылды

cover

Аталмыш дәрілер рецепсіз №7 мектеп жанындағы дәріханада сатылды, деп хабарлайды «Мой город» басылымы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Айталиев көшесіндегі №17 үйдің пәтерінен 25 дана «Трамадол» есірткі заты тәркіленді, ал Алматы көшесіндегі үйден полиция 45 дана «Трамадол», 10 дана «Димидрол» ампуласы, 10 патронды газ PM және 12 дана «Сомнол» есірткісі алынды. Гагарин көшесіндегі 36/4 мекен-жайдағы пәтерден 40 таблетка «Трамадол» және «Сомнол» табылды.

Сонымен қатар, Мухит көшесі 95 үйдегі «Наша аптека» дәріханасында дәрігердің нұсқауынсыз қолма-қол трамадол және тропикамид сатылды. Дәріхана №7 мектептің жанында орналасқанын ескертеміз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар