Оңтүстік Кореядағы орман өртін сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады
Фото: Yonhap
Оңтүстік Кореядағы алапат өрт әлі оқшауланбады. Орман өртін сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тікұшақ апаты Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан Ыйсон округінде болды. Тікұшақ ішіндегі ұшқыш қаза тапты. Құзырлы органдар ұшақ апатының себебін анықтап жатыр.
Еске салайық, Оңтүстік Кореядағы орманда 21 наурыз күні өрт басталған еді. Санчхонда басталған өрт Солтүстік Кёнсан провинциясының орталық бөлігіндегі Ыйсон, Чхонсон, Йондок, Йонъян, Андон қалаларын шарпыды.
Түрмеден 800-ге жуық тұтқын эвакуацияланды. Қаза тапқандар саны 18-ге жетті. 13 адам зардап шекті. 20 мыңнан астам адам тұрғылықты мекен-жайынан эвакуацияланды.
Өртті сөндіруге бес мыңға жуық әскери қызметкер мен 145 тікұшақ қатыстырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық