Оңтүстік Кореяда ақыры президентке импичмент жарияланды
Фото: Yonhap
Оңтүстік Корея парламенті екінші рет дауыс беруден кейін президентке импичмент жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Дауыс беру бүгін, 14 желтоқсанда өтті. Елдегі басқарушы «Азаматтық күш» партиясының 204 депутаты «иә» деп дауыс берген, 85-і қарсы болған.
Дауыс беру нәтижесі президент партиясының бірқатар депутаттары да президент Юн Сок Ельді қызметтен шеттетуді қуаттағанын айғақтайды. Басқарушы партияның жетекшісі Хан Дон Хун осыған дейін құжатқа қарсы болса, қазір құжатқа дауыс беруге үндеген.
Енді президент қызметінен уақытша кетуі керек. Конституция соты 180 күн ішінде оны қызметінен түбегейлі шеттету немесе өкілетін қалпына келтіру бойынша шешім қабылдауы керек. Президенттің міндетін уақытша премьер-министр атқарады.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай енгізілетіні 3 желтоқсан түнде хабарланды. Алайда ол өзінің 6 сағат күшінде болған жарлығын қайта алып тастады. Алайда әскер ғимаратты басып алайын деп жатқанда қатысқан жалпы 190 депутат президенттің шешімін алып тастау үшін дауыс берді. Заң бойынша бұдан кейін президент жарлықтың күшін жоюға міндетті болды. Оңтүстік Корея президентіне елден шығуға да тыйым салынды. Президенттің әйелі де күдікке ілінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық