Оңтүстік Корея президентіне елден кетуге тыйым салынды
Фото: Ақорда
Оңтүстік Корея президентіне елден кетуге тыйым салынды. Yonhap ақпараттық агенттігінің мәліметіне қарасақ, мұндай шешімді Оңтүстік Кореяның әділет министрлігі қабылдаған. Оған жоғары лауазымды адамдар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының басшысы жүгінген, деп хабарлайды Orda.kz.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель «мемлекетке опасыздық жасады» және «билікті асыра пайдаланды» деп айыпталып жатыр.
Оңтүстік Корея парламенті 7 желтоқсанда президентке импичмент жариялау мәселесін көтерді, бірақ биліктегі «Халық күші» партиясының депутаттары дауыс беруге бойкот жариялауына байланысты импичмент бойынша құжат қабылданбады.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай енгізілетіні 3 желтоқсан түнде хабарланды. Президентті құлатуға ұмтылған партия жетекшілері жайлы және Оңтүстік Кореядағы саяси тұрақсыздықтың Қазақстанға әсері жайлы мына материалдан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады