Ақтөбеде әлем чемпионы атанған жас балуанға көлік сыйға тартылды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Ақтөбеге Словакияда өткен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған балуан Қазыбек Қалмағамбетов оралып, оған әкімдік су жаңа көліктің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Orda.kz облыс әкімдігіне сілтеп.
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда 67 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған спортшыны ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алды.
Іс-шарада облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов сөз сөйледі.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен ол тарихи жеңіспен елге оралған спортшыға автокөліктің кілтін табыстады.
Айта кетейік, Қазыбек Қалмағамбетов – Ақтөбе облысының тарихында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Балуан 67 келіге дейінгі салмақта финалға дейін төрт қарсыласын жеңіп шықты.
Шешуші белдесуде оның қарсыласы Беларусь спортшысы Михаил Марковский болды. Кездесу 13:7 есебімен қазақстандық балуанның пайдасына аяқталды.
Сөйтіп, 19 жастағы Қазыбек Қалмағамбетов 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық