«Өмірге келуге арпалысқан бала жатырды жыртып жіберген»: Арыс қаласының тұрғыны сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Фото: Orda.kz
Бұған дейін бес баласын аман-есен дүниеге әкелген 38 жастағы Жазира Төлежанова қараша айында толғатып, Шымкенттегі №2 облыстық перинеталды орталыққа барған. Келіншек басында бәрі қалыпты болғанын айтады, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті тілшісі.
Алайда, соңынан толғағы тоқтап, бір сұмдықтың басталғанын сездім дейді. Сөйтіп, өзін босандырмақ болған ақ халаттыларға кесарь тілігін жасауды өтінген.
«Кесарь тілігін жасаңдаршы деп айтқанымда дәрігер маған «толғағың тоқтаса, қайтадан басталғанын күтеміз» деді. Сөйтіп тұрған кезде бала қабырға тұсымнан екі рет қатты тепсініп, қимылдады. Сол кезде бала тұншығып, іште ең соңғы рет қимылдаған екен. Ішім тырысып қалды. Асқазаным түйіліп, оң жақ қолым істемей қалды. «Толғағың келеді қазір. Толғағыңды күтеміз қазір. Мына суднаға отыр. Баланың басы төмен түссін» деді да тазалықшы да, окушерка да, дәрігер де менің жалғыз өзімді тастап өздері сыртқа шығып кетті»,— дейді Жазира Төлежанова.
Бала тепсінгенде жанұшыра айғайлаған әйел сол сәтте жатыры жыртылғанын айтады. Бірақ оны мамандар ота жасағанда бір-ақ біліпті. Ақыры кесарь тілігімен туылған ұл бала анасының жатырын жыртқанда демі үзілген екен. Өмірге келуге арпалысқан бөбек өлі туылып, дәрігерлер оны жасанды тыныс алу аппаратына жатқызған. Алайда оның еш көмегі болмапты.
«Осының бәрі мені босандырған дәрігер Баймаханмбетов Нұржанның салғырттығы. Білімсіздігі деп те айтамын. Дәрігер мен окушерка өздеріне тиесілі жазасын алса деймін. Дәрігерді жұмыстан шығарыпты. Бірақ өз еркімен. Ол ертең кез-келген жерге барып, жұмысқа орналаса алады. Менің бұлай шырылдауымның себебі менен кейінгі басқа келіншектер қорықпай барса екен деймін. Мен сияқты үлкен үмітпен барып, баламды қазір қолыма аламын деп барып, жалғыз қу басым шықты менің...»,— дейді Жазира Төлежанова.
Баласынан айырылған ана бірден полицияға арыз да жаздым дейді. Бірақ, арада бес айт өтсе де жазаланған ешкім жоқ деп ашынады. Перзентхананың бас дәрігері болса өздерінен қате кеткенін айтпады.
«Балпанақтай баланы жоғалту ол қиын нәрсе. Жазира қазір жала жауып, жаман әрекетке барып жатыр деп ойламаймын. Өзіміздің басымызға түскенде қалай әрекет жасайтынымызды білмейміз. Бізде клиникалық протокол бар. Ол Баймахамбетов деген дәрігер де кеше келген дәрігер болса, тәжірибесі жоқ…. Ол дәрігер» ,— дейді 2 облыстық перенеталды орталықтың бас дәрігері Эльмира Қожахметова.
Бұған дейін бес баланы дүниеге әкелген 38 жастағы келіншек кенжесін 5 жыл күтіп көтергенін айтады. Сөзінше жүктілігі жеңіл өткен. Емхана дәрігерлері де шарана мен анада кемшілік болмаған дейді. Өкініштісі сол Жазираның енді бала көтеру мүмкіндігі аз. Өйткені жатыры жыртылған әйел үш жылдан кейін ғана қалыпқа келуім мүмкін дейді. Оның өзі екіталай деп қынжылады.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы. Шымкент қаласы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық