Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мерекесі жайлы не білеміз?
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
15 сәуірде – Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мерекесі тойланады. Әр жыл сайын ғашықтар бұл мерекені атап өтеді. Ал біз осы ғашықтар мерекесі жайлы не білеміз?
Orda.kz басылымы ғашықтардың символына айналған Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың тарихы туралы баяндайды.
Бұл мерекені тойлауды 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған. Кейін 2011 жылы Алматы әкімдігі 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің іс шараларына қосып, 2012 жылы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық ойындарымен жаңғыртты. Ал сол жылы Көкшетау қаласында да жастар тойлап, кейін ол жылда аталып өтетін дәстүрлі қазақтың мерекесі болып сіңісіп кетті.
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу махаббаты қалай басталды?
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» эпосы — халқымыздың баға жетпес рухани мұрасы, асыл қазынасы. Бұл шығармада қосыла алмаған екі жастың қайғылы махаббаты баяндалады. Лиро-эпостық жыр XIII–XIV ғасырлардан бастап ауызша таралып, тек XIX ғасырдың орта шенінде ғана қағаз бетіне түсірілген. Жыр оқиғасы Сарыбай мен Қарабайдың аң аулау кезінде танысып, өзара құда болуға келісуінен басталады. Олар дүниеге келмей тұрып-ақ Қозы мен Баянды атастырып қояды. Алайда Сарыбай аңшылық үстінде қаза табады. Осыдан кейін Қарабай уәдесінен тайып, қызын жетім қалған Қозыға бергісі келмейді. Оның орнына бұрын өзіне көмектескен палуан Қодарға ұзатуды жөн көреді.
Қозы мен Баян бір-біріне деген адал махаббаты үшін талай қиындыққа тап болады. Бірақ олардың бақытына кедергі болған Қодар айла жасап, Қозыны зұлымдықпен өлтіреді. Сүйіктісінен айырылған Баян кек алуды ойлайды. Ол Қодарға егер құдықтан су шығарып берсең, саған тұрмысқа шығамын деп уәде береді. Қодар құдыққа түскен сәтте, Баян оның сүйенген шашын кесіп жіберіп, нәтижесінде Қодар қаза табады. Ал Баян сүйген жарының қабіріне барып, өз өмірімен қоштасады.
Қос ғашықтың мазары қай жерде?
Ғашықтардың мазары еліміздің шығысында орналасқан Абай облысы Аягөз ауданындағы Аягөз өзенінің маңында орналасқан. Жалпы биіктігі 12 метр. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікір бар. Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғаны туралы айтады.

1982 жылы кесене тарихи және мәдени ескерткіш болып, мемлекет қорғауына алынды. Ал 2013 жылы Аягөз қаласында қос ғашықтың құрметіне ескерткіш орнатылды.
Оқи отырыңыз:
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм
- Артемида ІІ миссиясы: Адамзат тарихын дүр сілкіндірген жағдайға шолу
- Қазақтың келінге қатысты салт-дәстүрлері мен ат тергеудің тәрбиелік мәні
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық