«Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
Нетаньяхудың видеосынан кадр. Фото: instagram.com/b.netanyahu
Таяу Шығыстағы текетірес майданда ғана емес, медиа кеңістігінде де қызып тұр. Ирандық БАҚ Израиль премьер-министрін «жерлеп» үлгерсе, Биньямин Нетаньяху «тірі екенін» дәлелдеу үшін кофеханадан видео жариялады. Бірақ бұл видео жаңа даудың басы болды: жасанды интеллект пе, әлде ескі кадр ма? Orda.kz тілшісі шолу жасап көрді.
Ирандық «сенсация»: Үш күн көрінбесе — өлгені ме?
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусына жақын саналатын Tasnim News Agency агенттігі өткен аптада әлемдік медианы елең еткізген «жаңалық» таратты. Олардың қисынына салсақ, Биньямин Нетаньяху үш күн бойы жұрт алдына шықпағандықтан, ол не ауыр жараланған, не мүлдем бақилық болған.
Бұл риторика Иран ақпарат кеңістігі үшін таңсық емес. Соғыс жағдайында ирандық басылымдар өз әскері шығынын жасырып, қарсыластың «капитуляцияға» жақын екенін жазудан шаршамайды. Мысалы, Defa Press басылымы ирандық генералдардың «жеңіске дейін тоқтамайтынын» жазғанымен, Израиль әуе күштері соққысынан қаза тапқан жоғары шенді офицерлер туралы тіс жармайды.
Кофе ішіп отырған «елес»
Қауесет тым қатты тарап кеткендіктен, Нетаньяхуға жауап беруге тура келді. Ол кофеханада отырып түсірген видеосында өзінің тірі екенін әзілмен жеткізді.
«Мені өлді деп жатыр ма? Мен бұл кофені өліп жақсы көремін! Халқымды да өліп жақсы көремін», – деді ол еврейлердің дәстүрлі «Л’хаим!» (Өмір үшін!) тостын айтып.
Алайда, бұл видео күмәнді сейілтудің орнына, жаңа күмән қосты.
Алты саусақ пен 2024 жылдың түбіртегі
Желі қолданушылары видеоны микроскоппен қарап шыққандай. Оларды екі нәрсе күмәндандырды: Бірінші видеодағы жасанды интеллект ізі мынадай: Видеоның бір кадрында премьердің саусақтары алтау болып көрініп қалған. Бұл — нейрожелілер жіберетін ең жиі қателік.
Ал екінші видеода ескі түбіртек көрініп қалған: Кафе кассасындағы экранда 2024 жылдың мерзімі байқалып қалған. Бұл видеоның биыл емес, бұрын түсірілгенін меңзеуі мүмкін. Алайда мұнда да нақты дерек жоқ.
Осылайша, «Нетаньяху аман ба?» деген сұраққа жауап іздеген жұрт екі оттың арасында қалды: бір жағында — Иранның ақпараттық шабуылы, екінші жағында — Израильдің күмәнді «дәлелі».
Риторикадағы екіұдайлық
Қызығы сол, Иран медиасы Нетаньяхуды «көрінбей кетті» деп айыптағанымен, өздерінің жаңа жоғарғы аятолласы болып тағайындалған Можтаба Хаменеидің жұрт алдына шықпауын қалыпты жағдай санап отыр.
Түйін неде? Соғыс кезінде ақпарат — зымыраннан да қауіпті қару. Бүгінде тек ирандық емес, израильдік немесе батыстық медиа болсын, кез келген ақпаратты сүзгіден өткізіп қабылдау маңызды. Шындық көбіне «алты саусақты» видеолар мен ресми мәлімдемелердің арасында жасырынып жатады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық