Олимпиада-2026: 21 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады
Фото: ҰОК
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының Милан, Кортина-д’Ампеццо және Италияның солтүстігіндегі өзге де қалаларда өтіп жатқан жарыстың соңғы күндерінде қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шаңғы жарысы (50 шқ, масс-старт, ерлер)
Қазақстан уақытымен 15:00-де ерлер арасындағы 50 шақырымдық масс-стартта ел намысын:
- Әмірғали Мұратбеков
- Виталий Пухкало
- Наиль Башмаков қорғайды.
Конькимен жүгіру (масс-старт, әйелдер)
Сағат 19:50-де конькимен жүгіру спортындағы соңғы олимпиадалық жарыс — әйелдер арасындағы масс-старт басталады.
Әйелдер арасындағы масс-стартта:
- Елизавета Голубева мұз айдынға шығады.
Фристайл-акробатика (командалық жарыс)
14:45-те фристайл-акробатикадан командалық сайыстың іріктеу кезеңі мен финалы өтеді. Қазақстан құрамасы сапында:
- Аяна Жолдас
- Роман Иванов
- Асан Асылхан өнер көрсетеді.
Гала-шоу
Қазақстан уақытымен 22 ақпанға ауған түні мәнерлеп сырғанаушылардың гала-шоуы өтеді. Бұл — жарыс емес, көрермендерге арналған мерекелік бағдарлама. Онда Қазақстанның су жаңа чемпионы Михаил Шайдоров Олимпиадада көрсетілмеген жаңа бағдарламасын ұсынады.
Айта кетейік, Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қатысуда. Атап айтқанда: биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл-могул, фристайл-акробатика, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау.
Сонымен қатар, Қазақстанның фристайл-могул және мәнерлеп сырғанау бойынша төрешілер құрамында да өкілдері қатысып отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық