Ольга Әбдіғаппарова үйқамақта қалды
Коллаж: Orda.kz
7 қазан күні «AV Construction» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот отырысы өтті. Оған өкілеттігін асыра пайдаланды және қаржы жымқырды деген айып тағылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше сот Әбдіғаппарованы 8 ақпанда тағайындалған үйқамақтан босату туралы өтінішті қарады. Бұлтартпау шарасының мерзімі 8 шілдеде аяқталған. Кейін ол 22 шілдеде 8 қыркүйекке дейін, одан соң тағы 12 қыркүйекте қайта ұзартылған.
Қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын заңсыз деп танып, оны алып тастауды сұрады. Адвокат Нұрлыбек Сәбитовтің айтуынша, қамау мерзімін кері күнмен ұзарту Конституцияға қайшы.
Айыптаушы прокурор айыптардың ауырлығына байланысты өтінішті қанағаттандырмауды сұрады. Ал Қоспаев тобының рейдерлік істері бойынша сотталғандардың және өзге эпизодтардағы жәбірленушілердің адвокаттары Ольга Әбдіғаппарованы үйқамақта қалдыруды өтінді.
Сот Әбдіғаппарованы үйқамақта қалдырылды.
Айта кетейік, AV-Construction құрылыс компаниясының негізін қалаған Сәуле Жүнісбекова Алматыдағы «Esentai City» тұрғын үй кешенінің тәркіленген мүлкі мен туысқанына қатысты қылмыстық қудалау ісіне араласуды сұрап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық