«Ол өзі нақты ұшқан тікұшақ па?»: Сорбұлаққа құлаған тікұшақ неге табылмай жатыр?
Фото: Orda.kz
Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ құлаған Сорбұлақ көлінің жартысы тексерілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев «тікұшақтың Сорбұлақтан өзге аумақта құлауы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.
Еске салайық, тікұшақ 25 шілде күні радардан жоғалып кеткен болатын. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары Алматы облысындағы Сорбұлақ көлі маңында жүргізіліп жатыр.
«Тікұшақтың төтенше жағдайға ұшырағаны туралы хабар түскен сәтте іздеу шаралары бірден басталды. Бізге берілген бағыттардың барлығын тексердік. Көл жағасынан тікұшақтың бір сынығы табылды. Қазірге дейін Сорбұлақ көлінің жартысына жуығы зерттелді. Іздеу жалғасып жатыр», — деді вице-министр журналистерге арналған брифингте.
Баспасөз мәслихатында журналистер «Жоғалған тікұшақтың қандай бөліктері табылды?» деген сұрақ қойды.
«Бұл сұраққа Көлік прокуратурасы жауап береді. Көлдің тереңдігі 5-тен 25 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде 1 метр тереңдікте де көрінбейді, себебі су түбі тұнбаға толы», — деп түсіндірді Кеген Тұрсынбаев.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде тікұшақтың әлі табылмауына қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Кейбір қолданушылар: «Ол өзі ұшқан тікұшақ па?» деген күмән келтірді.
Сондай-ақ, Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Асқар Ізбасовтың мәліметінше, іздеу жұмыстарына имамдар шақырылып, арнайы құрбан шалынған. Алайда ол «тылсым күштердің де септігі тимеді» деп атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық