«Имам шақырып, құрбан шалдық»: Қорғаныс министрлігі жоғалған тікұшақты қалай іздегендерін айтты
Фото: Elements Envanto
Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан Тарғап ауылының маңында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. 13 күннен бері іздестіріліп жатқан тікұшақ жайлы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Асқар Ізбасов сұхбат беріп, елдің сұрауымен имамдарды шақырып, құрбан шалғандарын айтты.Көп ұзамай Ізбасовтың сұхбаты аяқ астынан Youtube-арнадан өшірілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Асқар Ізбасов үш экипаж мүшесімен бірге жоғалған EC-145 әскери тікұшағын іздеу кезінде тек техникалық құралдармен ғана емес, діни рәсім де жұмыс жүргізілгенін айтты.
Ізбасовтың айтуынша, іздестіру жұмыстарына имамдар шақырылып, арнайы құрбандық шалу амалдары жасалған. Алайда ол «тылсым күштердің де септігі тимегенін» айтты.
Бұл мәлімдеме YouTube желісіндегі Adal Talk бағдарламасында айтылған болатын. Алайда бағдарлама біраз уақыттан соң платформада өшіріліп кетті.
Десе де, бейнежазбадан алынған үзінділер әлеуметтік желілерде тарап кетті. Желі қолданушылары бұл мәлімдемелерді қызу талқылап жатыр.
Жоғалған тікұшақ Алматы облысындағы Сорбұлақ көлі маңында радардан жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық