Оқушылардың жаппай улануы: Қытай тәттісін сатуға тыйым салынды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының жаппай улану фактісіне байланысты шығу тегі күмәнді Қытай тәттісі сатылымнан алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысындағы мектеп оқушыларының шығу тегі күмәнді өнімдерден жаппай улану фактісі бойынша осы өнімдер сатылатын дүкендерге мониторинг жүргізген. Мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам дүкен қамтылған.
«Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снектер) 14 үлгісі сатып алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша осындай өнімдердің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталды: натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану техникалық регламент талаптарында белгіленбеген. СЭБК атап өткендей, дәм күшейткіштері бар өнімдерді шамадан тыс тұтыну семіздікке әкеліп соқтырады, сонымен қатар аллергия, ас қорыту бұзылыстары, күйдіргі тудыруы мүмкін», деп хабарлады ДСМ.
Еске салайық, бұған дейін мониторинг барысында тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО туралы мәліметтер жоқ екені анықталғанын хабарлаған едік. Ал Ақтөбе облысында осы тәттіден 23 оқушы уланып, ауруханаға түскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық