Ақтөбе облысында Қытайдың тәттісінен 23 оқушы уланды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысында бастауыш сыныптың 23 оқушы белгісіз тәттіні жеп уланып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 18 ақпан күні Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында орналасқан Қобыланды батыр атындағы мектепте болды. 4-сыныптың 23 оқушысы бірінен соң бірі құсып, басы айналып, өздерін нашар сезінген соң түгелдей ауруханаға жеткізілді. Артынша анықталғандай, сол сыныптың оқушылары қытайша жазуы бар тәттіні әкеліп бөліп жеген екен.
Қобда ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабыловтың айтуынша, оқушы белгісіз тәттіні мектептен тыс жердегі дүкеннен сатып алған.
«Сол жерде жеті оқушының басы айналып, лоқсыр, бөртпе пайда болған. Сыныптың басқа балалары иістен өздерін жайсыз сезінген. Барлық бала бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайлары жақсы» ,– деді Арман Қабылов.
Қазір Қобда аудандық ауруханасында 9 оқушы жатыр. Олар тағы бір күн дәрігердің бақылауында болады.
«Кеше 23 баланы аудандық ауруханаға әкелді. Қытайдан шыққан белгісіз тәттіні жеті бала жеген, қалған балаларға иісі реакция берген. Бүгін таңертең облыс орталығынан педиатр барып тексерді. Тоғыз бала бүгінше бақылауда болады. Қалған оқушылар үйлеріне жіберілді», деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, барлық материалдар полицияға жолданған.
Бүгін тәттіден уланып түскен 9 оқушы ауруханадан үйлеріне шығарылды. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың жағдайлары жақсы, анализдері таза. 14 күн бақылауда болады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық