Оқу-ағарту министрі өзіне айтылған сынға жауап берді
Фото: parlam.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойды. Министр педагогикалық еңбек өтілінің 20 жылдан асатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жұлдыз Сүлейменова «еңбек өтілі — 1 жыл» деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Жалпы менің педагогикалық еңбек өтілім — жиырма жылдан асады. Осы уақыттың ішінде №139 мектепте жұмыс істедім, сондай-ақ, зияткерлік мектептер жүйесінде тоғыз жылдан астам еңбек еттім. Зияткерлік мектептерде методолог ретінде қызмет атқардым», — деді ол.
Министр Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің директоры лауазымына дейін көтерілгенін де жасырмады. Сонымен қатар, ол жоғары оқу орындарында да оқытушылық қызметтен бастап, жастар ісі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары қызметін де атқарғанын айтты.
Еске салайық, 29 қыркүйекте Ғани Бейсембаев отставкаға кетіп, орнына Жұлдыз Сүлейменова жайғасқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық