Оқ шығармай жаулау: Трамп Гренландияны сатып алғысы келеді
Фото: Ақ үй
The Wall Street Journal мен The New York Times дереккөздерге сілтеме жасап жазғандай, Ақ үй Гренландияны басып алуды емес, Даниядан сатып алу жолдарын іздеуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Басылым сұхбаттасушыларының айтуынша, мемлекеттік хатшы Марко Рубио конгрессмендермен жабық кездесуде әскери шабуыл туралы сөз болмағанын атап өткен.
Мұндай тәсіл соңғы мәлімдемелерден әлдеқайда жұмсақ. Бұған дейін Трамптың баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт әкімшілік мақсатқа жетудің түрлі нұсқаларын қарастыратынын айтты, бірақ ол күш қолданатын сценарийді жоққа шығармай, оны мүмкін болатын сценарийдің бірі деп атаған болатын.
4 қаңтарда Трамп журналистер адында сұрақтарға жауап бергенде:
«Гренландия туралы 20 күннен кейін сөйлесейік», - деді.
Ал Еуропада осыған қатысты алаңдаушылық артып келеді. Олар Вашингтон сөзден іс-әрекетке көшуі мүмкін деп қорқады. Германия канцлері Фридрих Мерцті қоса алғанда, ЕО елдерінің бірнеше көшбасшысы Данияны қолдап, кез келген қауіп-қатерді күш ретінде қабылдамайтындығын атап өтті.
Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет әлемдегі ең ірі аралды бейбіт жолмен ала алмаса, АҚШ әскерлерінің Гренландияға басып кіру жоспары бар екенін растаған болатын.
Еске салсақ, Трамп Венесуэладан Қытай мен Ресейді құралақан қалдырып, АҚШ-пен ғана мұнай серіктестігін құруды талап етті.
Оқи отырыңыз:
Шәй ішпесе басы ауыратын апаларымыз бояу ішіп жүр ме?
Қайтарылған активтердің 1,3 млрд теңгесі СҚО-дағы аурухананы жөндеуге бөлінді
Биыл халық шошына күткен қандай ақша аударымдары «күдікті» саналады
Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынып, ғалымдар эксперимент бастады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық