Нүкенованың өлімін жасырған Бишімбаевтың туысы бостандыққа шығуы мүмкін
Фото: Жоғарғы сот
Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін сотталған, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов рақымшылықты пайдаланып бостандыққа шығуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты. Айта кетейік, Конституцияның 30 жылдығына байланысты 15 мың адамға рақымшылық жасалады.
«Егер қылмыстық іс адамның жеке басына қарсы жасалып, салдары адам өліміне әкелсе, ондай жағдайларда рақымшылық актісі қолданылмайды. Ал егер адамның әрекеті тікелей адам өліміне байланысты болмаса, онда, әрине, рақымшылық актісі қолданылады. Бишімбаевтың ісінде адам өлімі бар. Сондықтан оған рақымшылық қолданылмайды», – деді депутат.
Ал Бақытжан Байжанов сотталған «қылмысты жасыру» бабы рақымшылық қолданылмайтын қылмыстар тізіміне кірмейді. Сондықтан оған рақымшылық қолданылуы мүмкін.
«Қылмыс туралы хабарламау 4-бапта көрсетілмеген. Сондықтан ондай істерге рақымшылық қолданылуы керек. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс түріне жататын болса, онда олар толық босатылмайды, бірақ жаза мерзімі қысқартылады», — деді Абзал Құспан.
Айта кетейік, 2024 жылдың 13 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б.Байжановқа қатысты сот үкімі шықты. Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал оның ағасы Қуандық Бишімбаев жұбайын өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.
Сонымен қатар, Шерзат ісімен сотталғандардың бірі де рақымшылыққа ілінуі мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық