Нұрлан Нығматуллин мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жатыр ма?
Фото: parlam.kz
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлы Нұржан Нұрланов бизнесмен Қанат Әміркиннің кәсібін тартып алғаны туралы мәлімдегеннен кейін, Elmedia тілшілері Нығматуллин Тоқаевты тақтан тайдырғалы отыр деген шешімге келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Elmedia тілшілерінің айтуынша, Қанат Әміркинге белгісіз тұлға Орал мен Озинки автожолын салуға атсалысуды ұсынған. Мемлекетпен тығыз байланыста болмаған Әміркин серіктестікке келіседі. Өз компаниясын керек жарақтармен лицензиялау үшін кәсіпкер тендерге шығады. Кәсіпкердің сөзінше, оны осы тұста Астанаға шақырып, тендердің барлығын ұтып тұрғаны жайлы жеткізген. Бірақ бұл салада техникалары бола тұра, жол құрылысында оның тәжірбиесі жоқтығын айтып, Әміркинге тендерден бас тарту ұсынылған. Демек, Әміркин тендерден бас тартса, 2-орын алған Нұрғазы Сәтбайұлы құрылысқа кіріседі. Кәсіпкер еш қарсылықсыз істі өзінен кейінгі адамға қалдырған. Алайда Әміркинге мынандай бір ұсыныс түскен. Сәтбайұлына барлық шартты ұсынғанымен, келген қаржының үштен екісі өзінің қалтасына кететінін айтқан.
Батыс Қазақстан облысын сол кездегі әкімі Алтай Көлгіновтің өзі бұл процесті тексеріп, жұмыс басталды. Осы тұста Нұрлан Нығматуллиннің ұлы Нұржан Нұрланов пайда болып, Әміркинге басқа кәсіпкердің жазбасын тыңдатқызған. Ол кәсіпкер әйелінің көңілдесін аяусыз ұрып, 2015 жылы 13 жылға бас бостандығынан айрылған – Қайрат Жамалиев. Ал оның барлық кәсібі Нығматуллин отбасының қолында болған. Журналистердің сөзінше, бұл нақтыланбаған, алайда Әміркинді қорқыту мақсатында Нұрлан осы қулықты пайдаланған. Әміркинге Артур есімді тұлға тағайындалған. Артур барлық келіссөздерге қатысып, барлық істі өз диктофонына жазып отырған.
Кәсіпкердің сөзінше, ол Оңтүстік Кореядан қарызға ақша алып, осы іске жұмсағаны туралы айтты.
Мен Оңтүстік Кореядан ақша алып, оны осы жерге жұмсадым. Жақын арада маған ақша келмейтінін де білдім. Жолды қазір мен сала алмаймын. Келесі транш келесі жылдың мамыр айында немесе жазға жақын кезде басталады, ал мен ақшаға жауап беруім керек. Мен сол кезде қатты ашуландым. Ермек Әнуарбекұлы барлығын қуып жібереді де, тек екі компанияның басшылығын қалдырады. Келесі траншты қазан айына қалдыруды ұсынғанымен, Ермек оған бюджет жоспарланып қойғанын айтты. Сондай-ақ қаржы министрлігімен ақылдасып, қаңтар айында ғана жұмысты бастайтыны туралы жеткізді.
Әміркин «КазАвтоЖол» басшысына төлемнің орындалатынына кепілдік берсе, ол да істі бастауға дайын екенін айтқан.
Бизнесті алып қою үшін жасалған айла
Оның сөзінше, бірнеше рет одан өз кәсібі «Алатаудорстройды» жазып бере салу сұралған. Тіпті оның басын шыны бөтелкемен жаруға дейін барған. Алматыда оны China Gold кафесіне шақырған. Әміркин өз адамдарына хабарласып, аңдып отыруды тапсырған.
«Өз адамдарыма өзімнің емес, басқа көлікке отырсам, мені шығарып алу керек екенін айттым», – деді Әміркин.
Әміркин Нығматуллинге бизнесін беруді жоспарламаған. Өйткені оның шетелдік серіктестер мен жұмысшыларға, қосалқы мердігерлерге қарыздары болған. Кәсіпкер Нығматуллиннің ұлымен кездескеннен кейін үйіне келсе, әйелі оның соңынан күні бойы бір көліктің еріп жүргенін айтады. Былықтан отбасын таса ұстау үшін кәсіпкер оларды шетелге жібереді, ал кәсіпкердің мүлкін тартып алғанымен қоймай, тіпті оның анасының пәтеріне де көз тіккен. Соңында Әміркиннің бизнесін де, компаниясын да, көліктерін де алып қойған. Кейін оған хабарласып, тыныш өмір сүру үшін 2 млн$ сұраған. Кәсіпкер ондай қаржының жоқ екенін айтса да, олар әрі қарай саудаласқан. Әміркин оған Нұржанның кіші інісі Нұрханның «Qazaq bank» атты банкінен 1,2 млн$ -ды оның компаниясына беруін сұраған. Ол оған келісіп, қарыз рәсімдеген. Әміркиннің сөзінше бұл қарыз оның өміріндегі «ең жылдам» рәсімделген қарыз болған.
Қаңтар оқиғасы кәсіпкерді құтқарды
Қанат Әміркиннің 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасынан кейін барлық айыбы кешіріліп, отбасы сол жылы Қазақстанға оралды. Ал Нығматуллиннің отбасы сол кезде Дубайға қашып кетті. Алайда көтеріліс аяқталғаннан кейін Нығматуллиннің адамдары Әміркинге қайта шығып, Нұржанның онымен қайта татуласқысы келетінін жеткізген. Әміркинді кездесуге шақырып, оған түрлі идеяларды ұсынған.
Нұржанмен кездесуден кейін Әміркинге салық комитеті хабарласып, компанияның қызметіне кәсіпкердің бұдан былай еш қатысы болмаса да жауапкершілікке тартып, сотта жеңіледі. Бұл туралы Orda.kz редакциясы жазған болатын.
«Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нығматулиндердің Қазақстан азаматтығынан шыққаны туралы ақпаратты растап немесе жоққа шығара ала ма? Бұл да маңызды. Бір қызығы, Нығматулиндер қазір шетелдіктер. Қазақстандағы сот шешімдеріне әлі де ықпал ете алатыны да бар. Яғни, ескі Қазақстан ешқайда кетпеген болып шықты. Ол мұнда, атап айтқанда, сот жүйесінде. Демек, Бәпидің орынбасары Назарбаевтың сақшылары Тоқаевты құлатуды жоспарлап отыр деп мәлімдегені шын болып шықты» деп қортындылады Elmedia.
Жаңалықтар
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды